SMM менеджер — Казахстан, Алматы — HH — 139467331
от 300 000 KZT
ОткликнутьсяЛокация: Казахстан, Алматы
Формат: Офис
Занятость: Полная занятость
Грейд: Middle
•••••••• — Қазақстандағы жетекші онлайн білім беру платформаларының бірі. 2019 жылдан бері білім беру нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде 4,5 миллионнан астам қолданушыға білім алуға мүмкіндік ұсынып, 7 жылдық тәжірибе жинақтадық.
Оқушыларды ҰБТ, НЗМ, БИЛ, Дарын және басқа да үздік оқу орындарына авторлық әдістемелер арқылы дайындаймыз.
Қазіргі таңда командамызға TikTok және Instagram платформаларында креативті контент жасап, жоғары қаралым көрсеткіштеріне қол жеткізе алатын SMM-менеджер іздейміз!
Негізгі міндеттеріңіз:
• Аптасына 70 видеоға арналған рубрикатор мен контент-жоспар әзірлеу.
• Күніне 10 TikTok видео түсіру, монтаждау және жариялау.
• Трендтер мен бәсекелестерді бақылап, жаңа контент идеяларын ұсыну.
• Күрделі видеоларға сценарий жазу және видеографпен, командамен бірлесіп түсірілім жасау.
• Stories жүргізу, пікірлер мен Direct-ке жауап беру.
• Контент арқылы аудитория белсенділігі мен қаралым санын арттыру
Қандай талаптар біз үшін маңызды:
• SMM саласында 1 жылдан аса жұмыс тәжірибесі.
• TikTok және Instagram алгоритмдерін түсіну.
• Трендтермен жұмыс істей білу, видеоға сценарий жазу.
• Телефонмен сапалы видео түсіру және монтаждау дағдылары.
• Кадр алдында еркін сөйлей білу.
• Командамен жұмыс істей алу.
• Жауапкершілік, коммуникабельділік және нәтижеге бағытталу.
• SMM немесе мобилография курстарының болуы — артықшылық.
Жұмыс шарттары қандай:
• Тұрақты жалақы: 200 000 ₸
• KPI бонусы: 100 000 ₸
• Икемді жұмыс кестесі
• Толық жұмыспен қамту
Жұмыс уақыты: 10:30–19:30 аралығы. Сабақ кестесі болған жағдайда, жұмыс уақытын өзара келісіп реттеуге болады.
Тәжірибеңізге байланысты немесе келіскен уақыт аралығында жұмыс нәтижеңізге байланысты жалақы мөлшерін қарастыра аламыз!
Егер креативті идеяларыңызды миллиондаған аудиторияға жеткізіп, контент арқылы нақты нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, •••••••• командасына қосылыңыз!