I AM HIRED

Неделя 310 ₽Месяц 630 ₽3 месяца 1 680 ₽Год 5 680 ₽

Pn twzkQR5w Development Assistant — Казахстан, Алматы

Маркетинг и продвижение, Контент-маркетинг · сегодня, 18:14 · 11.11.2026

200 000–500 000 KZT

Откликнуться

Компания: ••••••••

Локация: Казахстан, Алматы

Формат: Офис

Занятость: Полная занятость

Грейд: Junior

Qazaqsoft компаниясына бизнес-ассистент / Junior BizDev & Content Manager іздейміз!

❗ Өтініш, хабарландыруды соңына дейін мұқият оқып шығыңыз!

Жалақы: 200 000 ₸ + бонустар | Алматы | Гибридті формат

Сәлем! Мен Ерболат Мамен, Qazaqsoft ma-mewjrSMZz5xw4 негізін қалаушысымын (Astana Hub резиденті) және AI зерттеушісімін.

Біздің компания сайттар, мобильді қосымшалар әзірлеумен және бизнеске AI-агенттер енгізумен айналысады.

Қазір өзіме «оң қол» болатын жауапкершілігі жоғары, бастамашыл әрі өз бетінше жұмыс істей алатын адам іздеп жүрмін.

2eRNdu2 Jt6MYA — менің жеке брендімді дамыту, компанияның маркетингін күшейту және Қазақстан мен халықаралық нарықтан жаңа клиенттер тарту.

Қандай жұмыстар атқарасыз?

• AI арқылы контент дайындау: Instagram, Threads және LinkedIn парақшаларыма менің ойларым мен идеяларым негізінде посттар әзірлеу және жариялау. Контент дайындау жұмысының шамамен 70%-ын ChatGPT, Claude және басқа AI құралдарының көмегімен жасауға болады.

• Контентті екі тілде жүргізу: Жеке брендімді қазақ тілінде, ал компанияның бизнес-аккаунттарын орыс тілінде (кейде ағылшын тілінде) жүргізу.

• Lead Generation (клиент іздеу): LinkedIn және басқа платформалар арқылы әлеуетті клиенттерді табу, cold email жазу, коммерциялық ұсыныстар дайындау және кездесулер ұйымдастыру.

• Маркетинг: Компанияны дамытуға қатысты жаңа идеялар ұсыну, клиент тартудың түрлі жолдарын сынап көру және нәтижелерін талдау.

• Әкімшілік жұмыстар: Сайттағы ақпараттарды жаңарту, жобалар бойынша ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу және шағын тапсырмалардың орындалуын қадағалау.

Кімді іздейміз?

• jF немесе маркетинг бағытында оқитын 3–4 курс студентін, магистрантты немесе университет түлегін. КБТУ, SDU, МУИТ, IITU және басқа техникалық университеттердің студенттеріне басымдық беріледі.

• Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, екі тілде де сауатты әрі қызықты мәтін жаза алатын адамды.

• ChatGPT, Claude және басқа AI құралдарын қолдана алатын немесе оларды тез меңгеруге дайын адамды.

• 6v-C6KP53, сайттар мен мобильді қосымшалардың қалай жасалатыны туралы бастапқы түсінігі бар адамды.

• Уақытын дұрыс жоспарлайтын, тапсырмаларды үнемі еске салмай-ақ орындайтын, дедлайнды сақтайтын жауапты адамды.

• Бастамашыл адамды: тек тапсырма күтіп отырмай, өзі идея ұсынып, мәселенің шешімін тауып, жұмысты нәтижеге жеткізе алуы маңызды.

Маңызды:Себебі бізге жұмысқа жеткілікті уақыт бөліп, жауапкершілік ала алатын адам қажет. Оқумен қатар алып жүруге болады, бірақ жұмыс сапасы мен дедлайн сақталуы тиіс.

Біз не ұсынамыз?

• Жалақы: 200 000 ₸ + бонустар. Әрбір тартылған жаңа клиент үшін қосымша бонус қарастырылған.

• Алғашқы 1 апта — ақылы стажировка. Осы уақыт ішінде жұмыс барысымен танысып, нақты тапсырмалар орындап, бір-бірімізге қаншалықты сай келетінімізді бағалаймыз.

• Бір аптадан кейін жұмыс нәтижесіне қарай тұрақты түрде бірге жұмыс істеу туралы шешім қабылдаймыз.

• Икемді жұмыс кестесі: Тапсырмалар уақытында әрі сапалы орындалса, оқумен қатар алып жүруге мүмкіндік бар.

• Гибридті формат: Жұмыстың бір бөлігін қашықтан орындауға болады.

• Жеке менторлық: 6v-C6KP53 құру, оны масштабтау, AI құралдарымен жұмыс істеу және клиент тарту бойынша өз тәжірибеммен тікелей бөлісемін.

• Нақты жобалар: Әртүрлі саладағы клиенттермен жұмыс істеп, Va-yAZjpjTzGnH дамуына тікелей қатысу мүмкіндігі.

• Карьерлік өсу: Болашақта Project Manager, BizDev Manager немесе жеке бағыттың жетекшісі деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар.

Неліктен бұл жақсы мүмкіндік?

Бұл жай ғана тапсырма орындайтын ассистенттің жұмысы емес.

Сіз Va-yAZjpjTzGnH негізін қалаушысымен тікелей жұмыс істеп, бизнестің ішкі процестерін, клиенттермен қарым-қатынасты, маркетинг пен сатылымды тәжірибе жүзінде үйренесіз.

AI құралдарын күнделікті жұмыста қолданып, нақты бизнес-жобалардың қалай дамитынын көресіз.

Маған тек айтқанымды орындайтын қызметкер емес, уақыт өте келе компанияның жеке бағыттарын өз бетінше басқара алатын сенімді әріптес керек.

p26 — толыққанды жұмыс орны. Алғашқы апта ақылы стажировка ретінде өтеді, содан кейін нәтижеге қарай ұзақмерзімді әріптестік туралы шешім қабылдаймыз.

Қалай өтініш беруге болады?

Маған жеке хабарлама жазыңыз.

Маңызды: Өтініш білдіргеннен кейін шағын тест тапсырмасы беріледі. Оны орындауға дайын болыңыз. Бұл — іріктеудің міндетті кезеңі. Тапсырма арқылы сіздің қабілетіңізді, өз бетіңізше жұмыс істеу дағдыңызды және AI құралдарын қаншалықты тиімді қолдана алатыныңызды бағалаймыз.

Бізге жай ғана жұмыс іздеп жүрген емес, 3K-yFNNnkmw тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда өсуді қалайтын адам қажет! 🚀

Поиск по вакансиям

Название компании скрыто

Названия компаний и их продуктов мы не публикуем на сайте — они доступны в Telegram-боте I AM HIRED. Откройте эту вакансию в боте: увидите название, сможете откликнуться и настроить рассылку подходящих вакансий.

Открыть вакансию в боте