I AM HIRED

Неделя 310 ₽Месяц 630 ₽3 месяца 1 680 ₽Год 5 680 ₽

Продуктовый маркетолог — Казахстан, Алматы

Маркетинг и продвижение, Digital-маркетинг · сегодня, 09:50 · 13.11.2026

300 000–600 000 KZT

Откликнуться

Локация: Казахстан, Алматы

Формат: Офис

Занятость: Полная занятость

Грейд: Middle

🚀 DARYN.USTAZ КОМАНДАСЫНА ПРОДУКТ МАРКЕТОЛОГЫН ІЗДЕЙМІЗ!

QAHgF.Mpbye – «Әділет» партиясымен бірлескен, еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдерге арналған республикалық ауқымдағы жоба.

Бүгінде жоба:

• Қазақстан бойынша 400 000+ мұғалімді қамтиды;

• Жасанды интеллектпен (AI) жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады;

• Мемлекеттік деңгейде сенім мен танымалдыққа ие.

eZZkku Fv3R48CJqF – Қазақстандағы әрбір мұғалімнің жұмысын жеңілдететін AI шешімдерін әзірлеп, оларды кеңінен тарату.

Қазіргі уақытта командамызға өнімнің дамуына үлес қосатын, клиенттерді тарту және ұстап қалу стратегияларын әзірлейтін Продукт маркетологын (Product Marketer) іздейміз.

💼 Сіздің негізгі міндеттеріңіз:

• Жаңа клиенттерді тарту және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалу бойынша маркетингтік гипотезалар құрастыру және тестілеу;

• Платформаны пайдаланушылар санын арттыру (DAU & MAU);

• Платформаны тұрақты пайдаланатын клиенттерді апталық, айлық және жылдық ақылы жазылымдарға конверсиялау;

• Өнімді пайдалану белсенділігін және клиенттердің төлем жасау көрсеткіштерін арттыру;

• Өнімнің тиімділігін арттыруға бағытталған маркетингтік шешімдер ұсыну.

🎯 Қандай талаптар маңызды:

• Өнім маркетингі немесе Digital Marketing бағытында 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі;

• Өнім маркетингі, Digital-маркетинг және маркетингтік стратегия негіздерін білу;

• Аналитикалық ойлау және гипотезалармен жұмыс істей білу;

• Коммуникацияға бейімділік;

• Жауапкершілік және уақытты тиімді басқара білу.

Қосымша артықшылық болады, егер:

• Digital Marketing немесе Product Management бағытындағы курстардан өткен болсаңыз.

💰 Біз ұсынатын шарттар:

• Тұрақты жалақы: 250 000 – 300 000 ₸;

• KPI бонусы: 100 000 – 300 000 ₸;

• Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні;

• Жұмыс уақыты: 10:00–19:00;

• Толық жұмыспен қамту.

Маңызды: Тек толық жұмыс күніне шығуға дайын, тұрақты жұмыс форматын қарастыратын мамандарды қабылдаймыз. Жартылай жұмыс күні немесе қосымша жұмыс іздеп жүрген кандидаттар қарастырылмайды.

📩 Егер сіз өнімді дамытуға, маркетингтік гипотезаларды іске асыруға және нақты нәтижеге жұмыс істеуге дайын болсаңыз, біз сізді командамызда күтеміз!

Поиск по вакансиям

Название компании скрыто

Названия компаний и их продуктов мы не публикуем на сайте — они доступны в Telegram-боте I AM HIRED. Откройте эту вакансию в боте: увидите название, сможете откликнуться и настроить рассылку подходящих вакансий.

Открыть вакансию в боте